«Жалпы медицина» мамандығы бойынша интерндерге арналған Республикалық пікірталас клубына қатысу

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша интерндерге арналған Республикалық пікірталас клубына қатысу

Пікірталас клубы – ең өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға арналған ашық алаң. Іс-шараның мақсаты: пікірталас жүргізудің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту, ой-өрісін кеңейту және қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу. Пікірталас клубына қатысу шешендік қабілеттерін дамытады, өркениетті пікір таластыруды игеруге мүмкіндік береді, қатысушылардың дәлелді ұстанымын талдауға және қалыптастыруға мүмкіндік береді.

22.02.2024 жылы КеАҚ Семей қ. «СМУ» ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.А.Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, А. М. Хисметова, А. С. Джармухаметова, Т. И. Терехова, Т. М. Беляева, Р. И. Фаизова, О. А. Юрковская, В. Т. Ахметова және ЖТД мамандығы бойынша 6 және 7 курстар интерндары республикалық пікірталас клубына (университет аралық ҒСО) онлайн режимде қатысты. Дискуссия тақырыбы Маастрихт VI/ Флорентиялық консенсус Helicobakter pilori инфекциясын емдеу бойынша жаңартылған ұсынымдар (2021 жылғы 27-28 қыркүйек). Қатысушылар «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Семей медицина университеті» КЕАҚ, «С. Д. Асфендияров атындағ Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ болды.

Таңдалған тақырып бойынша мәселелерді талқылау жанды, дұрыс, қызықты өтті; қатысушылар әңгімеге қызығушылық танытты. Клуб отырысы барысында интерндер пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, қарсыластарының сұрақтарына жауап берді.

Бұл іс-шарада бірлескен ұйымдастырушылары болғандар «МУС» КЕАҚ Семей қаласының ЖТД кафедра меңгерушісі, профессор Дюсупова А. А., оқытушылар Камашева Г. Т., Хисметова А. М.

Рубрикалар: Категориясыз