«Батыр ұшқыш: аспандағы жанқиярлық»

«Батыр ұшқыш: аспандағы жанқиярлық»

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2024 жылдың 27 ақпанында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, 3314 топ студенттерімен әскери ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың 105 жылдық мерейтойына арналған әскери-патриоттық тәрбие жұмысы өтті.

Шара барысында студент Каиртаева А.М. батырдың өмірбаяны мен ерліктері жайлы әңгімеледі.

Нұркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Орынбор авиация училищесінің курсанты болып жүргенде соғысқа аттанды. Қарағанды ​​облысының тумасы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 1942 жылы желтоқсанда қаза тапты. Ұшқыш құлаған ұшағын жау техникасының колоннасына бағыттап, ерлік жасады. Сол үшін Нұркен Әбдіровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Осындай ер мінезді, қайсар Нұркен Әбдіров пен басқа да жерлестеріміз елін қорғауда, оның мүддесін қорғауда орасан зор үлес қосты.

Олардың ерліктері туралы өскелең ұрпаққа дәріптеу, тарихтағы орны өшпес ізін, маңыздылығын түсіну әр-бірімізге міндет.

Бұл тұлғалар ұлттық жадты рухтандыру және сақтау үшін маңызды қасиеттердің үлгісі болып табылатыны сөзсіз.

Әскери кафедраның 3314 топ студенттері[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]