«Семей медицина университеті» КеАҚ-да оқу орнының кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жиналысы өтті. Басқосу онлайн және оффлайн түрде өткізілді. Жиында алғашқы болып Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов сөз сөйледі.
Жиналыстың күн тәртібінде кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау мәселесі тұрды. Төрағалыққа екі үміткер ұсынылды. Бірі – профессор Н.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушысы Букатов Асқар Кенжебекұлы, екіншісі – дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Сейпілұлы Айдос.
Дауыс беру рәсімін өткізбес бұрын қатысушыларға ұсынылған үміткерлер жайлы пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді. Кәсіподақ ұйымының өкілдері оқу орнының кәсіподақ ұйымы жұмысы кейінгі кездері қанағаттанарлықсыз деңгейде болды деп бағалай келе өзгерістердің қажеттігін атап өтті.
Залға жиналған 84 адамның 83-і Асқар Букатовты қолдап дауыс берді. ZOOM арқылы қатысқан 21 қызметкердің 9-ы Асқар Букатовты төрағалыққа лайық көрсе 12-сі дауыс беруден қалыс қалды. Дауыс беру нәтижесі жарияланған соң сөз Асқар Кенжебекұлы Букатовқа сөз берілді. Оқу орнының кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы ұжым мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге шақырып, әріптестік жалғасын табатынына сенім білдіріп.
[/vc_column_text]