2024 жылдың 27 ақпанында «Russian speaking club» студенттері үшін кезекті сабақ өтті. Сабақты ұйымдастырушылар: Олжаева Р.Р., Болеуханова К.М., Кобылина Р.А. Келесі кездесуді ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Олжаева Р.Р.(профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы) дайындап, жүргізді. Стоматология мамандығының 1 курсының 1319 тобының еріктілері Сагандыкова Ақнұр, Абылкайыров Бекарыс, Дидахметова Аяна да сабақ барысында студенттерге көмектесті. Студенттер медициналық терминдерді орыс және ағылшын тілдерінде алдын-ала алды және сабақ барысында қалқанша безінің аурулары кезінде пациенттің негізгі белгілерін қалай сұрастыру және түсіну дағдыларын талдап, бекітті. Сабаққа қатысқан 1,3,5 курс шетел бөлімшесі студенттерінің тілектерін, күш-жігерін, олардың оң нәтижелерін атап өткім келеді. Студенттерден позитивті кері байлыныс алынды, бұл осы жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
Олжаева Р.Р.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


