2024 жылдың 20 ақпанында «МУС» КЕАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Амренова К.Ш., кафедра ассистенттері Рақымғазиева А.С. және Муфтиева Г.М. дәрігерлерге «Жедел коронарлық синдром (ЖКС)» тақырыбында семинар өткізді. Семинар біліктілікті арттыру аясында қашықтықтан өткізілді. Семинарға Павлодар, Семей, Өскемен, Астана қалалары мен Абай ауданына қарасты Зайсан, Самар аудандарының дәрігерлері қатысты. Семинарда жедел медициналық көмек көрсетудің госпитализацияға дейінгі және стационарлық кезеңдерінде ЖКС бар науқастарды басқару мәселелері талқыланды. Семинар тақырыбы барлық мамандықтар үшін өзекті. Тыңдаушылар қатарында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, нефрологтар, фтизиатрлар, эндокринологтар, невропатологтар болды. Семинар сәтті өтті, қатысушылар оны пайдалы және қызықты деп бағалады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]