«Білім берудегі инновациялар: білім алушыларды оқыту мен бағалаудың заманауи әдістері»

«Білім берудегі инновациялар: білім алушыларды оқыту мен бағалаудың заманауи әдістері»

28.02.2024 жылы «СМУ» КЕАҚ-да «Мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: білім алушыларды оқыту мен бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Семей қаласының медициналық колледждерінің оқытушылары белсенді қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті А. М. Шарапиева болды, университеттің спикері ретінде «Мейірбике ісі» кафедрасының ассистенті Б.А. Орынбасарова «TBL: командаға бағытталған оқыту»  атты баяндама тақырыбымен сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медициналық колледждер мен университеттердің студенттерін оқыту мен бағалаудың инновациялық әдістері бойынша ұсынылған баяндамаларды белсенді талқылады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]