Энергетикалық сусындардың жасөспірімдер ағзасына әсері туралы

Энергетикалық сусындардың жасөспірімдер ағзасына әсері туралы

Соңғы жылдары энергетиктерге деген құштарлық сәнге айналды және оларды ерте жастан бастап қолдана бастау деңгейіне жетті. Энергетикалық сусындарды бүгінде көптеген адамдар ішеді, негізінен жастар мен жасөспірімдер. Энергетикалық сусындардың пайдасы туралы жарнамалау өте керемет: оларды ішу «тамаша» және стильді және  әл-ауқат керемет болады, өмірде бәрі бірден жұмыс істейді деген сияқты. Энергетикалық сусындарды тұтыну проблемасы осы өнімнің әртүрлі органдар мен тұтастай ағзаға теріс әсер етуімен маңызды. Бұл сусындардың негізгі компоненті – кофеин. Энергетиктердің үлкен мөлшерін қолдану ағзада кофеиннің артуына  әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде қан қысымының, жүрек соғу жылдамдығының, жүрек ырғағының бұзылуын тудырады. Энергетикалық психостимуляторлар жүйке жүйесіне де әсер етеді, ұйқының бұзылуына, бас ауруына, мазасыздықтың жоғарылауына, дүрбелең шабуылдарын тууына, агрессивтіліктің жоғарылауына, ұзақ уақыт қолданғанда созылмалы шаршауға әкелуі мүмкін.

ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, А. С. Джармухаметова, В. Т. Ахметова Университетті жақсарту жобасы аясында 713 топ интерндерімен бірлесіп Семей қ. №18 орта мектебінің жасөспірімдерімен «Энергетикалық сусындардың жасөспірімдер ағзасына әсері туралы» семинар өткізді. Өсіп келе жатқан ағзаға энергетиканың зияны туралы бейнефильм көрсетілді.

Есіңізде болсын, энергетикалық сусындарды тұтыну арқылы адам өз организімін алдайды. Сондықтан оларды қабылдамас бұрын, жүрек жеткіліксіздігі, ұйқысыздық, тәуелділік, көңіл-күй мен әл-ауқаттың нашарлауы сияқты ауыр зардаптары болатыны туралы ойланыңыз.