Оқушылардың профилактикалық медициналық тексерулерулері

Оқушылардың профилактикалық медициналық тексерулерулері

Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау-мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті. Мамандардың пікірінше, мектептің әр түлегі іс жүзінде 2-3 функционалды немесе созылмалы ауруға шалдыққан, ал балалардың тек 10% -і мектепті денсаулығы сау болып бітіреді. Қазақстанда оқушыларды медициналық қарап-тексеру міндетті іс-шаралар болып табылады және «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Практикалық денсаулық сақтауда ұйымына тәжірибелік көмек көрсету мақсатында “МУС” КЕАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі, профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева 713 топтың интерндерімен бірлесіп АО ДСБ КМК-ға «Семей қаласының № 4 емханасына» бекітілген №18 орта мектебінде білім алушыларға профилактикалық медициналық тексерулер жүргізуге қатысты.

Денедегі ауытқуларды, әртүрлі сырқаттар мен ауруларды уақытында диагностикалап анықтау үшін әр жаста профилактикалық тексерістен өту маңызды. Жоспарлы профилактикалық тексерулерді өткізіп алмауға тырысыңыз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз