Алғыс айту күнімен құттықтау

Алғыс айту күнімен құттықтау

Жыл сайын 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мереке шын мәнінде бүгінгі күні өте маңызды, өйткені ол жас ұрпақты төзімділікке, мейірімділікке, сезімталдыққа үйретеді. Қазақстанда бұл мерекенің мазмұны ерекше және әр ұрпақ үшін әр түрлі. Жыл сайын бұл мереке маңызды бола түсуде. Бұл күні игі істер жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға алғыс айту, сондай-ақ отбасына, жақындарына, достарына, әріптестеріне, көршілеріне қамқорлық жасауға шақыру әдетке айналған.

2024 жылдың 1 наурызында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы Биохимия және химиялық пәндер кафедрасында «Стоматология» мамандығының 208 кураторлық тобының студенттері кафедра қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады. Студенттер ризашылықтарын білдіріп, құттықтаулары бар бейнеролик түсіріп, алғыс сөздерімен алғыс сөздері жазылған тәттілерді тарту етті.

Алғыс сөздер мен қарапайым сыпайылық көңіл-күйіңізді көтеріп, күлдіреді. Жақсы сөзге жомарт болыңыз, басқалардың сізге жасаған жақсылығы үшін «Рахмет» айтуды ұмытпаңыз!

М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Қ.Т.Сыдықова

Рубрикалар: Категориясыз