Волонтерлік және тәрбие жұмысы шеңберінде қоғамдық денсаулық кафедрасының ұйымдастыруымен алғыс айту мерекесіне орай, «Айналаңды нұрландыр» атты іс-шара болып өтті. Шара барысында қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары Серикова-Есенгельдина Д.С, Мукушева А.А және қоғамдық денсаулық мамандығының 301 топ студенттерімен Семей қаласының «Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» барды. Аталған мекемеде кіші жастағы балалар тәрбиеленуде. Студенттер балалармен тіл табысып, ойын ойнатып балалардың көңіл-күйін көтерді. Соңынан балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді. Студенттер осы іс-шара көлемінде балалар үйіне бару арқылы балалардың тұрмыс барысын көріп қайтты. Қайырымдылық – бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналады.