2016 жылдан бастап Қазақстанда ресми және жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту мерекесі пайда болды. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Барлығымыз атап өтетін көптеген мерекелер бар. Ал бүгінгі мерекеде достық үшін, қатар жүргеніміз үшін әрқайсымыз өз алғысымды білдіре аламыз!
28 Ақпанда симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары және студенттер кафедра меңгерушісі к.м.н., доцент, Муканова Д.А., бастамасымен, Алғыс айту күніне орай “Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық – әлеуметтік мекемесіне” волонтерлік жұмыс бойынша “Алғыс айту – парызым!” – атты концерттік бағдарламасымен барды. Концерттің мақсаты – болашақ ұрпаққа қарттарымызды қадірлеуді түсіндіріп, оларға алғыс айту.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]