2024 жылдың 29 ақпанында неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының қызметкерлері кураторлық топтардың студенттерімен бірге Семей қаласының Герцен көшесі, 24 мекен-жайында орналасқан мамандандырылған балалар үйіне барды. Кафедра оқытушылары мен резидент-неврологтар жиналған қаражатқа мекемеге дәрі-дәрмек, жаялық, балаларға арналған заттар мен ойыншықтарды сатып алып, тапсырды.
Балалар үйінің қызметкерлері өте игі іспен айналысады және тәрбиеленушілерге бере алатын барлық жылулық, қамқорлық, қолдау мен көмекті көрсетеді. Алайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін кез-келген қосымша назар аудару өте маңызды. Шетелдік бөлімшенің студенттері балалармен қуана-қуана тілдесіп, ойнады, үйде тәрбиеленуші балаларға көңіл бөліп, эмоция сыйлады, кейіннен балалардың өміріне қатысуды жалғастыруға ниет білдірді.
Кездесу соңында одан әрі ынтымақтастық пен көмек көрсету мүмкіндіктері және шарттары талқыланды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]