«Менің университетім-елдегі ең үздік университет!» атты бейнероликтер байқауы

«Менің университетім-елдегі ең үздік университет!» атты бейнероликтер байқауы

Бірақ… бұл туралы біз және сіз ғана білеміз. Ол туралы айтудың уақыты келді: «Менің университетім – еліміздегі ең үздік университет!» Бұл туралы бәрі білсін!

ЕРЕЖЕ

бейнероликтер байқауын өткізу туралы

  1. Байқаудың жалпы ережелері мен тақырыптары

1.1. Байқаудың тақырыбы: «Менің университетім – әлемдегі ең үздік университет!»

1.2. Байқау университеттің барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған.

1.3. Байқауды ұйымдастырушы – Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы.

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаттары:

  • студенттердің студенттік өмірге деген қызығушылығын, медициналық университет студенттері арасындағы келісімді қалыптастыру;
  • студент жастар арасында корпоративтік рухты қалыптастыру;
  • болашақ дәрігерлердің сандық дағдыларын арттыру.

2.2. Байқаудың міндеттері:

  • Семей медицина университетінің тарихы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынасты тәрбиелеу;
  • мәлімделген тақырып бойынша үздік бейнероликтерді анықтау.
  1. Байқауды өткізу мерзімдері

3.1. Байқау жұмыстарын тапсыру мерзімі: 10.03.2024 дейін

3.2. Байқауды өткізу күні: 13.03.2024

  1. Байқауға қатысу шарттары

4.1. Байқауға жеке немесе топтардан құрылған бейнероликтер қабылданады.

4.2. Байқау бейнефильмдері қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс.

4.3. Ролик авторлық болуы керек, көшірілген материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

4.4. Байқауға қатысу тегін.

4.5. Байқауға қатысу автордың (авторлардың) бейнероликтерін @kaf.ood Instagram парақшасында орналастыруға келісімін білдіреді.

  1. Бейнефильмдерге қойылатын талаптар

5.1. Байқауға қатысушының таңдауы бойынша бейнені Google Drive немесе басқа бұлтқа орналастыруға болады;

5.2. Бейнені жүктеу сітемесін it.in.medicine@smu.edu.kz поштасына «Бейнероликтер конкурсына» деген белгімен жіберіңіз немесе АКТ курс оқытушыларына хабарласыңыз бас корпустың 213 – кабинеті, Ғалымова Әсем Дүйсенғалиқызы – +7 775 134 12 14;

5.3. Бейнеролик жіберген кезде қатысушының тіркеу формасын сілтеме бойынша толтырыңыз https://forms.gle/W9xgS4Z6xgLsKzqJ9: бейне авторларының аты-жөнін, мамандығын, курсын, топ нөмірін және телефонын жазыңыз;

5.4. Рұқсат етілген бейне форматтары: .mp4, .mov, .avi.

5.5. Бейнефильмнің хронометражы 3 минуттан аспауы қажет.

  1. 6Байқау материалдарын іріктеу критерийлері

6.1 Жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнын ашу тереңдігі.

6.2. Сюжеттің өзіндік ерекшелігі.

6.3. Көрерменге эмоционалды әсер ету тереңдігі.

6.4. Әрлеу дизайны: стиль, эстетика, эргономика.

6.5. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану (графикалық және анимациялық элементтерді орынды пайдалану, дыбыспен жұмыс (дыбыс сапасы, музыка мен кескінді синхрондау), монтаждау шешімі (бейне ауысулар)және т.б.)

  1. Байқау қазылар алқасы

7.1. Қазылар алқасының төрағасы: ЖББП кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Уранхаева Гульмира Тельмановна. 

Қазылар алқасының мүшелері:

7.2. ҚДСФМІ мектебінің деканы Кайрханова Іңкәр Окимхановна.

7.3. Сандық технологиялар орталығының бас маманы Тлебалдин Нурлан Берикович.

7.4. ЖББП кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Мусатаева Июнгуль Сулжановна.

  1. Байқау жеңімпаздарын ынталандыру

8.1. Қазылар алқасының пікірінше, үздік үш бейне жұмыс дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

8.2. Барлық байқау жұмыстары .@kaf.ood Instagram парақшасында жарияланады, сонымен бірге көрермендердің дауыс беруіне арналған «ұнату» белгісінің ең көп санын жинаған бейне көрермендер көзайымы сыйлығын алады.

8.2. Үздік бейнероликтер әлеуметтік желілерде университет беттерінде орналастырылады.

Рубрикалар: Конкурстар