«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 29 ақпан 2024 жылы кафедра бастығы м/қ полковнигі Ш.Орынбасаров және аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаиловтың жетекшілігімен, 3314, 4420 топ студенттерімен, Халық батыры Рахимжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Студент Г.Қазытаева іс-шара барысында батырдың өмірбаянын және ерліктерін әңгімелеп өтті.
Рейхстагқа тігілген ту- қасірет кезеңінің аяқталу және жаңа кезеңнің басталуының жарқын белгісі болды.
Батыр, қайсар қаһармандығымен, үміт пен табандылықтың орындалуы арқылы, азаттық пен жаңғыруға жол салды.
Танымды шара ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Әскери кафедраның 3314 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]