28- ақпан күні кітапхана қызметкерлері кітапханамен таныстыру мақсатында Шетелдік білім алушылар жұмыс жөніндегі мектебімен бірлесе Университетімізге биыл жаңадан келген шетел білім алушыларына арналған «Шексіз кітапхана» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
“Ашық есік” күнін өткізудегі мақсат – кітапханаға келген әрбір оқырманды кітапхана ережесімен таныстыру, ақпаратты пайдалануда және оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру, кітапхананың «ИРБИС» электронды каталогынан ақпаратты іздеуге үйрету болып табылады.
Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері білім алушыларды «JaypeeDigital» http://jaypeeadmin.jaypeedigital.com/ электронды кітапханаға тіркеп, оқуда қолданатын керекті кітаптарымен таныстырды.
Шараға қатысқан оқырмандар кітап оқудың және кітапхананың тәрбиелік мәнін түсініп, оқу залы және абонемент бөлімдеріне жаңа оқырман ретінде тіркеліп тарқасты.