Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

 «Семей медицина университеті» КеАҚ университет госпиталінің қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

хабарландыру

«Семей медицина университеті» КеАҚ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы №410 Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес университет госпиталінің қызметіне 2024 жылдың 15 наурызынан 30 сәуіріне дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі туралы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Университет госпиталінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Университет госпиталінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«СМУ» КеАҚ комплаенс-офицері М.Т. Бейсембаев