«Тамырлар» фильмі

«Тамырлар» фильмі

2024 жылдың 29, ақпанында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 тобының студенттері және топ кураторы Жазыкбаева Л.К «Дастан» кинотеатрына «Тамыр» фильмін тамашалау үшін келді. Фильм Екінші дүниежүзілік соғыс далаларында ерлікпен шайқасқан қазақ мергені Қасымның өмірі мен даму тарихын баяндайды. Жастайынан ата-анасынан айырылған Қасым мектеп-интернатқа түседі. Онда ол шынайы достықты үйреніп, өткір мерген болады. Есейе келе ғашық болып, Ұлы Отан соғысында ерлік пен сатқындықты бастан кешіреді. Оған адамшылығын өз ішінде сақтап қалуға көмектесетін нәрсе – оның өз отбасы және ата-бабаларының құндылықтарымен байланыстыратын көзге көрінбес «жіп». Бұл фильмнің өскелең ұрпаққа өнегелі мысал және жай ғана жақсы көркем сурет ретіндегі маңызы зор. Студенттер фильмді жоғары бағалап, кешке риза болды.

4403 гр. студенттері Жалпы медицина, куратор доцент Жазыкбаева Л.К.

Рубрикалар: Категориясыз