1 наурыз – көктемнің алғашқы күні. Медицина мамандығы бойынша білім алатын 2312 топ студенттері, топ кураторы ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті А. Сайдахметованың қатысуымен Рахмет айту күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Әрбір студент осы күннің маңызы, бізге берер тәрбиесі жайлы мәліметтерді еске алып, бөлісе білді. Өнегелі өлең жолдары оқылды, оған барлық дерлік топ студенттері ат салысты. Сонан соң алғыстарын шағын көріністі ұлттық би арқылы топтың екі бишісі сыйлады.
Іс-шараны тамашалауға кафедраның қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Шара соңында оқытушылар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.[/vc_column_text]