Құрметті студенттер, интерндер!
КеАҚ «МУС» госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы студенттерді анестезиология және реаниматология пәні бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиадаға қатысу тереңірек білім алуға және анестезиология және реаниматология бойынша білімдеріңізді бекітуге, төтенше жағдайларда адам өмірін қорғау және сақтау бойынша біліміңіз бен дағдыларыңызды көрсетуге және «бәсекеге қабілеттілігіңізді» бағалауға мүмкіндік береді.
Алынған білім мен дағдылар сізге «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураға түсуге көмектеседі, олимпиадаға қатысу сіздерге резидентураға түсуге резюме ретінде қарастырылады.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: КеАҚ «МУС» госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы.
Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
Төраға: Сыздыкбаев М.К. – медицина ғылымдарының докторы, госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Альпищева С.В. – госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті.
Муратханова Ж.М. – госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті.
Тлеубаева М.Б. – госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті.
Сұрақтар бойынша: moldir.tleubayeva@nao-mus.kz
Олимпиадаға қатысу үшін қажет:
Олимпиаданың тапсырмалары мен кезеңдерімен танысу.
- 05.03.2024 жылға дейін олимпиадаға қатысуға өтініш формасын толтырыңыз.
- 06.03.2024 жылы КеАҚ «МУС» Оқу-клиникалық орталығында (Абай 103 мекен-жайы бойынша) олимпиадаға қатысу.
Олимпиада екі кезеңде өтеді.
I кезең – Тест. 2024 жылғы 06 наурызда сағат 09:00-де Тестілеу КеАҚ «МУС» Дәріс залында өтеді. Тест тапсырмаларын орындауға 30 минут беріледі. I кезеңнің қорытындысы бойынша ІІ кезеңге өтуіңіз анықталады.
II кезең – ауыр жағдайлардағы науқастарға көмек беру және практикалық дағдыларды көрсету ұсынылатын ситуациялық тапсырмалар.
Бағалауды кәсіби қазылар алқасы жүргізеді.
Сарапшылардың бағалауымен келіспеген жағдайда апелляцияға беру мүмкіндігі қарастырылмаған.
Қосымша 1
Анестезиология және реаниматология бойынша олимпиадаға қатысушыға арналған сауалнама
ТОЛЫҚ АТЫ ЖӨНІ | |
Оқу деңгейі (бакалавриат) | |
Курс | |
Мамандығы | |
Байланыс ақпараты (тел., E-mail) |