Аудан әкімдерінің және «Семей медицина университеті» КеАҚ түлектерімен кездесулерінің басталуы

Аудан әкімдерінің және «Семей медицина университеті» КеАҚ түлектерімен кездесулерінің басталуы

2024 жыл наурыз айының 1 жұлдызында «Семей медицина университеті» КеАҚ, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы және Күршім мен Глубокое аудандарының әкімшіліктерінің бірлескен жұмысы негізінде онлайн түрде резидентура және интернатура білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесуге 100-ден астам болашақ жас маман қатысып, жоғарыда аталып өткен аудан жайлы ақпарат алған болатын. Аудан әкімінің орынбасарлары жеке сөз алып білім алушыларды өз аудандарына тартқан болатын. Кездесу барысында болашақ түлектер тарапынан қойылған сұраққа әкім орынбасарлары жауап берген болатын.

Ескере кететін жайт Глубокое ауданы бойынша 8 медициналық маманға, ол жалпы тәжірибелік дәрігер – 4 маман, рентгенолог – 1 маман, физиотерапевт – 1 маман, қоғамдық денсаулық сақтау – 1 маман, акушер-гинеколог – 1 маманға сұраныс бар. Ал Күршім ауданы бойынша барлығы 4 медициналық маман, ол анестезиолог – 1 маман, реаниматолог – 1 маман, акушер-гинеколог – 1 маман және жалпы тәжірибелік дәрігер – 2 маманға сұраныс бар. Сонымен қатар Марқакөл аудандық ауруханасында да медициналық мамандарға тапшылық бар екені аталып өтті.

Бұл шара «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-Ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлының бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобаның аясында жүзеге асып отырған осы оқу жылының алғашқы кездесуі болатын. Кезекте ШҚО-ның тағы 6 ауданы, сонымен қатар Абай мен Павлодар облыстарынының аудан әкімдерімен кездесулер өтетін болады.

Рубрикалар: Оқу процесі