Балалар ревматологиясы бойынша II Қысқы мектебі

Балалар ревматологиясы бойынша II Қысқы мектебі

19.02.2024ж. КеАҚ «СМУ» ішкі аурулар және ревматология кафедрасында балалар ревматологиясы бойынша «Балалардағы жүйелі қызыл жегіні диагностикалау және емдеудегі пәнаралық көзқарас» тақырыбына ІІ Қысқы мектебі жүргізілді. Іс шараның ұйымдастырушысы ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доцент м.а. Рымбаева Т.Х., іс шараға қатысушы Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабитология кафедрасының ассистенті Иманмадиева Д.М.

«Ересектер, балалар ревматологиясы», «Педиатрия», «Ересектер, балалар нефрологиясы» мамандық резиденттерінің баяндама тақырыптары жүйелі қызыл жегінің (ЖҚЖ) этиологиясы, патогенезі және эпидемиологиясы туралы заманауи деректерге қатысты болды.  Әрбір зерттеу әдісінің сипаттамасы және дәлелдемелердің сенімділік деңгейін және ұсыныстардың сенімділік деңгейін бағалаумен ЖҚЖ диагностикасының мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды. Аурудың клиникалық критерийлері, дифференциалды диагностика аспектілері және ЖҚЖ диагностикасының сапа критерийлері бөлек көрсетілген.

Жүйелі қызыл жегі – бұл ағзаның өз тіндеріне аутоиммунды антиденелер мен иммундық кешендерді өндірумен байланысты қабыну ауруы. Балаларда әдетте жыныстық жетілу кезінде дамиды. Балалық шақта басталатын бұл аурумен ауыратын науқастардың 44-70%-да жегілік нефрит дамиды – бұл науқастардың өмір сүруіне және өмір сүру сапасына әсер ететін ауыр асқыну. Жедел нефритпен асқынған ЖҚЖ бар балаларда диагностика, емдеу және аурудың ағымын бақылау мәселелері педиатрия мен балалар ревматологиясының өзекті мәселесі болып қала береді..

Бір күн КеАҚ «СМУ» УГ педиатрия бөлімшесіне жатқызылған жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқастың клиникалық жағдайын талдауға арналды. Осы аурудың даму тарихын мысал ретінде пайдалана отырып, халықаралық ұсынымдарға сәйкес ЖҚЖ және жегілік нефриті бар науқастарды ерте анықтау, диагностикалау және емдеу мәселелері көтерілді.

Оқыту процесінде теориялық материалды игеру мен тәжірибелік дағдыларды дамытуды біріктіретін кешенді тәсіл қолданылды. Бұл науқастармен жұмыс істеуде резиденттердің келесі құзыреттерін жақсартуға мүмкіндік берді:

– нақты клиникалық тәжірибеде жүйелі қызыл жегі бар науқастарды жүргізу;

– SLEDAI 2K индексі көмегімен ЖҚЖ белсенділік дәрежесін және ішкі ағзалар зақымдануын бағалау үшін SLICC индекстерін пайдалану;

– аурудың ауырлығы мен болжамын анықтайтын ішкі ағзалардың, соның ішінде бүйректің зақымдалуын талдау;

– жүйелі қызыл жегіде (ЖҚҚ) бүйректегі патологиялық процестер мен аурудың даму механизмдерін талдау;

– применение Классификационных критериев ЖҚЖ EULAR/ACR 2019 Жіктеме критерилерін және жегілік нефриттің Нефрологтардың халықаралық қауымдастығы мен бүйрек патологтарының қауымдастығы морфологиялық жіктемелерін қолдану (International Society of Nephrology/Renal Pathology Society – ISN/RPS) 2003ж.;

– ағзаға тән аутоантиденелерді иммунологиялық зерттеу нәтижелерін түсіндіру;

– ЖҚЖ патогенетикалық терапиясының принциптерін негіздеу және оның өршуінің алдын алу;

– ЖҚЖ бар науқастарды жүргізуге мультидисциплинарлық жеке тәсілді жүргізу.

Осылайша, ауқымды ақпарат қозғалып, айтарлықтай мәселелер талқыланды. 29 ақпанға дейін жалғасқан қысқы мектеп резиденттер арасында жарқын әсер қалдырып, әрі қарай жалғасын табуға ықпалын тигізді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.

Рубрикалар: Оқушылар