Қайырымдылық — адамның асыл қасиеті

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеті

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі.

2024 жылдың 29- шы ақпанында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О және оқытушы Шакабаева А.А кураторлық тобы «Педиатрия» 2431 топ және 2418 тобы студенттерімен «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КМҚК-ға барды.

Мекеменің қызметкерлері жылы көз- қараспен қарсы алып, балалармен таныстырды. Балалармен сұхбаттасып, көңілдерін көтеріп қайттық. Кураторлық топ атынан балалар үйіне спонсорлық көмек көрсеттік.

Осы заманда өте ауыр да, жауапты да іс  екенін біле тұра, мекеме қызметкерлеріне қажымас қайрат, асыл еңбектеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Рубрикалар: Категориясыз