Тәуелсіздікті жырлаған зиялылар

Тәуелсіздікті жырлаған зиялылар

28 ақпан 2024 жылы «Медицина» мамандығы бойынша білім алатын 2312 топ студенттері «Алаш арыстары. Мұхтар Әуезов» мұражайына, кураторлары ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметқызымен, барды. Семейдің байырғы үйлерінің бірінде орналасқан бұл мұражай тарихи маңызды, себебі қазақ зиялылары, Алаш партиясы мүшелері туралы мәліметтер береді.

Қазақтың тәуелсіздігіне ат салысып, халық көзін аша білген зиялыларға арналған мұражай  шағын да болса, өзінің баға жетпес мұрағаттарымен, нақтылы деректерімен таң қалдырды. Онда Алаш қозғалысының өкілдерінің қолымен жазылған құжаттар көшірмесі бар. Алаш отаны Семей екендігін, ол кезде қаланың сол жақ жағалауында орналасқандығын естіген студенттер қызығушылық білдіріп жатты, ескі Семей диарамасын көріп  қызықтады.

Сонымен қоса балауыздық экспонаттар – астаналық сәулетші Төлеуғазы Байғалиевтың мұражай сұранысына сай даярлаған алаш өкілдерінің толық бойлы мүсіндері таң қалдырды.

Мұражай қызметкері әр экспозиция бойынша түсініктемелер беріп, Алаш арыстары мен ұлы Абай, Мұхтар Әуезовтің сабақтастығын ғылыми тұрғыдан аса сауатты әңгімелеп берді.  Осындай сауатты әңгімеге ризашылығымызды білдірдік. Біз Семей қазақ мәдениетінің, оқу-ағартуының орталығы болғандығын, көптеген зиялылар осында туып немесе осында тұрып Семей қоғамы үшін, оның көркеюі үшін еңбек еткендігін сезініп, мақтандық.

2312 топ студенттері мен кураторы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]