26.02-1.03.24 аралығында Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі нің м. ғ. к. Алимбаева А. Р., кафедра ассисенті Ж. К. Дәулетжаров және 1 және 2 жылдық резидент-реабилитологтардың жетекшілігімен және Абай облысының мүгедіктігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында “Травматологиядағы кешенді оңалту”тақырыбында қысқы мектеп ұйымдастырылды.
Оның мақсаты жарақаттан кейінгі уакытылы оңалту. Қысқы мектеп теориялық бөлімді дәріс, түрлі презентациялар, ситуациялық есептерді шешу, миға шабуыл, блиц сауалнама түрінде қамтыды. Сондай-ақ, осы әдістерді практикалық бөлімде қолдану: науқастың жағдайын талдау, сол науқаста емдеудің ерекше мүмкіндіктері түсіндірілді. COSMOS аппаратындағы кинезиотерапия, Red cord және стабилоплатформа, ОРМЕД-кинезиодағы механотерапия, вертикализатор және физиотерапиялық процедураларды тиімді қолдану туралы талқыланды. Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының базасында жан-жақты қолжетімділік бар екенін атап өткім келеді, соның арқасында біз жас резидент дәрігерлер-реабилитологтар, педиатрлар, неонатологтар және ЖТД интерндері оңалту саласында жан-жақты білім алдық. Сондай –ақ, біз түрлі тимбилдингтер, қымыз және кофе-брейктер ұйымдастыра отырып, интерндер мен резиденттер арасындағы командалық білім беру дағдысы мен микроклиматты жақсарттық.
Барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз: университет әкімшілігі және Абай облысының мүгедіктігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығының директоры А. С. Тлемисовқа қысқы мектепті өткізуге мүмкіндік бергені үшін. Сондай-ақ, акушерия және гинекология, отбасылық медицина және балалар хирургиясы кафедрасында оқитын интерндерге қатысқаны үшін . Тыңдаушылар қысқы мектепті сәтті аяқтап, сертификаттар табысталды.
1 курс резидент-реабилитологы Саниязова Акмарал[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]