“Травматологиядағы кешенді реабилитация” тақырыбында қысқы мектеп

“Травматологиядағы кешенді реабилитация” тақырыбында қысқы мектеп

2024-жылдың 26-ақпанында Университеттің Қысқы мектеп өткізу жөніндегі №103 бұйрық негізінде Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р, кафедра ассистенті Дәулетжарова Ж.Қ және 1-жыл реабилитолог-резиденттері бастауымен Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында интерндер мен резиденттерге “Травматологиядағы кешенді реабилитация” тақырыбында қысқы мектеп ұйымдастырылды. Қысқы мектептің ұйымдастырылу мақсаты жарақаттардың алдын алу және жарақаттан кейінгі тиімді оңалту тәсілдерін меңгеру.
Қысқы мектептің ашылуында кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қысқы мектептің алғашқы күні кіріспе ретінде “Травматологиядағы кешенді реабилитация” жайлы жалпылама сипаттағы мәліметтер презентация түрінде ұсынылды. Берілген ақпараттардан кейін сергіту мақсатында миға пайдалы нейро-бұлшықеттік жаттығулар жасалып, қымыз-брейк ұйымдастырылды. Шара соңында келген қонақтарға орталық таныстырылып, өткізілген жиын жайлы кері байланыс алынды.
Қысқы мектеп 1-наурызға дейін созылады. Қатысқысы келетін қонақтарды Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында сағат 12:00 күтеміз.
1-курс реабилитолог-резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар