2023 жыл Қазақстан ресми түрде қызылша сырқатының таралуы бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде орын алды. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының (CDC) мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы мамырдан қазанға дейін қызылша ауруының 12 985 жағдайы тіркелген. Қызылшаның эпидемиологиялық жағдайының шиеленісу себептеріне келетін болсақ, Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналардың вакцинациядан бас тартуының өсуімен түсіндіреді. Қызылшадан егілмеген балалардың көбеюі немесе вакцинацияның уақтылы жүргізілмеуі халық арасында иммундық емес қабаттың өсуіне әкеп соғады. Қызылшамен емдеудің нақты әдісі жоқ, сондықтан бұл аурудың алдын-алу шараларын уақтылы жүргізу қажет. Қызылшаның алдын-алудың негізгі және тиімді құралы –вакцинация жүргізу. Халықты қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі шеңберінде жүргізіледі.
Мектеп оқушыларының ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді құралдарының бірі ретінде вакцинация туралы хабардар болу деңгейін арттыру және ата-аналардың екпелерге оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында «МУС» КЕАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасының қызметкерлері кафедра меңгерушісі м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева 713 топ ЖТД интерндерімен бірлесіп профилактикалық медицинасы мектебі аясында Семей қаласының №18 орта мектебінің ата-аналары және оқушылары үшін «Балалардағы қызылша мен көкжөтелдің алдын алу. Вакцинопрофилактиканың рөлі туралы» тақырыбында семинар өткізді.
Өз денсаулығыңызды, сондай-ақ балаларыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!!![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]