2024 жылдың 04 наурыз айында «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Дюсупов 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1-5 курс БББ-ның топ старосталарымен кездесу өткізді. Іс-шараға сонымен қатар ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректор Е.С.Турсинканбетова, қауіпсіздік қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі бастығы А.Ж. Жунусов, медицина мектебінің деканы Узбекова С.Е., қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Кайрханова Ы.О. қатысты. Кездесу барысында 2023 жылдың университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі, атап айтқанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша және бейресми білім беру және түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық туралы есебі айтылды. 2024 жылға арналған мақсаттар мен жоспарлар атап айтқанда, жаңа LMS жүйесін енгізу,университет қалашықтарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы айтылды. Кездесу барысында білім алушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар алынды.