2024 жылдың 04 наурыз күні «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары «Семей медицина университеті» КеАҚ 1-2 курс білім алушыларына «Дін және қоғам» тақырыбына дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты – білім алушыларға дін бойынша ақпарат беру, сауатсыздықтан діни ұйымдарға кіру қаупін болдырмау және теріс діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында Кусембекова Асель Муратбековна – «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық түсіндіру бөлімінің маманы сөз сөйледі. Экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіреді, сондықтан жастардың жат ағымдардан аулақ болуға, жастарды білім мен ғылымға барлық күштері мен уақыттарын арнай отырып, адамгершілікке, саналы азаматтар болуға шақырды. Әр адамға тиым салынған бейнероликтерді өз акаунттында жариялауға тиым салынатыны және заң жүзінде жауапқа тартылатыны туралы ескертті. Дін мәселесі туралы сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан мұсылмандар діни басқарамсының ресми сайтынан https://www.muftyat.kz/kk/ іздеген дұрыс екендігі ескертілді.