26.02.2024 жылы 1305 стомотология, 1121 медицина топтарына М.Д.Жорақпаева «Есірткі заттарының тасымалдаушылары» тақырыбына кураторлық сағат өткізді.
Студенттер адамзаттың жаһандық мәселелерінің бірі – есірткі кәсібі мен есірткі заттарының курьерлерін, оларды қалай тануға болатынын және адамдардың осы саланы тандауындағы нақты себептерін тереңірек зерттеді, бірақ ең бастысы, тасымалдаушыларды кездестірген жағдайдағы қорғаныс шаралары туралы білді.
Тақырып есірткі заттарының тасымалдаушылары туралы болды. Олардың міндеті герметикалық жабылған дәріні белгілі бір жерге жеткізу. Есірткі заттарының тасымалдаушылары негізгі белгілері – оның бетін жасыруға тырысуы, оның бөлмесінде есірткіге арналған таразылар мен орауыш материалдары жасырын болуы, ол құпия болып қалады және үнемі шифрланады, телефонда сіз түсунбейтін «жаргон» арқылы оғаш әңгімелер жүргізеді, тек арнайы бағдарламалар арқылы ғаламторды шарлайды.
Адамдарды наша тасымалдаушыға итермелейтін себептер әртүрлі болуы мүмкін. Негізгі факторлардың бірі – табыс, бірақ сонымен қатар жастардың арасынан жаңа сезімдерді сезу үшін, шытырман оқиғаларға тап болу үшін осы салаға қадам басқандардыңда саны арттырып түсуде. Бұл қылмыс үшін ең жоғары жаза 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру. Егер тасымалдаушыларды кездестірген жағдайда, онда дереу құқық қорғау ұйымдарына хабарласу қажеттілігі өте маңызды.
Осынау жаһандық мәселенің алдын алу үшін өскелең ұрпақты заңсыз кәсіпкерліктен тыйып, жарқын болашаққа итермелейтін тәрбиелік мәні бар әңгімелерді көбірек жүргізу қажет.
Жорокпаева М.Д.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]