Гипертониялық криз кезіндегі алғашқы көмек

Гипертониялық криз кезіндегі алғашқы көмек

Артериалды гипертензия  ̶̶̶̶̶ жүрек-қан тамыр жүйесінің ең өзекті сырқаттарының бірі. Артериалды гипертензия таралуы жағынан бүкіл әлемде бірдей және қарт адамдарда жиі кездеседі. 60 жастан асқан адамдарда артериалды гипертензияның таралуы 60% жоғары болып табылады. Артериалды гипертензияның қауіпті асқынуы – гипертоникалық криз, шұғыл түрде жардемді қажет етеді. Әрбір артериалды гипертензиясы бар адам, гипертоникалық криздің белгілерін және өз-өзіне қалай көмек көрсету керегін білу қажет.

2024 жылы 28 ақпанда “Күміс Университет” жобасы аясында симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының ПОҚ, м. ғ. к., доцент Муканова Д. А., Смагулова Ж. И. “Гипертониялық криз кезіндегі 1-ші көмек” тақырыбында “Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық – әлеуметтік мекемесі” пациенттеріне арналған семинар өткізді. СӨС бойынша жалпы ұсыныстар айтып, жеке кеңес берді. Зейнеткерлер қызықтырған сұрақтарын қойып, риза болды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар