Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2024 жылғы 4 наурызда медицина университетінің студенттері мен магистранттары Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындары үшін арнайы концерт ұйымдастырды. Аталған іс – шараны Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары Н.С. Искакова мен Д.С. Серикова- Есенгельдина ұйымдастырды. Бағдарламаға әр түрлі мамандықтардың 1,2,3 курс студенттері мен ҚДС мамандығының магистранттары қатысты. 8 наурыз халықаралық мерекесіне арналған іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Медициналық университеттің білім алушылары қарттар үйінің тұрғындарының алдында музыкалық нөмірлердің кең спектрін көрсетті. Әдемі балладалардан танымал хиттерге дейін әр нөмір аудиторияның талғамы мен қалауын ескере отырып таңдалды. Музыкалық бағдарламадан басқа, студенттер әр әйелге шағын сыйлық берді, осылайша мерекелік көңіл-күйді толықтырды. Қарттар үйінің тұрғындары барлық іс-шараларға қуана қатысып, осындай тамаша концерт үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Медициналық университет студенттерінің қарттар үйінде өнер көрсетуі әртүрлі ұрпақты біріктіріп, қатысушылардың жүрегін қуаныш пен көңілділікке толтырған маңызды оқиға болды.[/vc_column_text]