Ж.К. Дихамбековтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтау

Ж.К. Дихамбековтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтау

Ж.К.Дихамбеков кафедра мен университеттің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

Дихамбеков Жеңіс Какенұлы 1944 жылы Семей облысы Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Семей медициналық институтының физика пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. Ректордың көмекшісі, кибернетика және математика, медициналық физика және информатика курсы бар Физика кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ ақпараттық-есептеу орталығының бастығы қызметін атқарды. Шамамен 30 жыл Қабылдау комиссиясының жұмысына емтихан алушы, жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы ретінде қатысты. Ж. К. Дихамбеков медициналық жоғары оқу орындарына арналған физика және информатика бойынша 30-дан астам ғылыми-зерттеу мақалалары мен 6 оқу құралдарының авторы.

Дихамбеков Ж.К. Семей қаласының медициналық оқу орнында (СММУ) атқарған тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметтері үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001), Денсаулық сақтау министрлігінің (1996, 2005, 2008, 2013) және оқу орнының Құрмет грамоталарымен және алғысымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (1998) «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» (2013), «Адал еңбегі үшін» (2016) төс белгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік төс белгісімен (2016) марапатталды.

Құрметті Жеңіс Кәкенұлы!

Семей медицина университетінің ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, дәрігерлер мен студенттер атынан 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің жолыңыз қажырлы еңбек пен шығармашылыққа толы болды. Сіздің университетке сіңірген еңбегіңіз зор құрметке лайық.

Физика және информатика кафедрасы Сіздің сарқылмас энергияңыздың арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Жас ұрпақ үшін Сіз еңбекқорлық пен өзін-өзі тәрбиелеудің, адалдық пен жауапкершіліктің, адамдарға құрмет көрсетудің, төзімділік пен күштің үлгісісіз.

Сізге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұжымы

Рубрикалар: Туған күндер