Жас ғалымдар ізденісі

Жас ғалымдар ізденісі

01.03.2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының ғылым саласына жауапты қызметкерлері 1-ші және 2-ші курс студенттеріне  «Ғылымға кіріспе, ғылыми жұмыстар дайындау» тақырыбында ғылыми үйірме мүшелеріне дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жұмыс барысында студенттерге ғылыми мақала жазудың және ғылыми жобаны конференцияда қорғаудың   әр кезеңі көрсетіліп, сипатталды.

Іс-шараның арнайы шақырылған қонағы «Стоматология» мамандығының 6 курс студенті Садықова Анара болды, ол көптеген халықаралық конференциялардың жүлдегері, сонымен қатар  1 курстан бастап ҚР ҰҒА    академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының «Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшесі.

Ғылыми үйірме төрағасы, «Жалпы медицина» ОБ 3 курс студенті Саманд Абдулкабир өз жұмысының үлгісі негізінде  студенттерді ғылыми зерттеулердің негізгі тұстарымен таныстырды.

Кафедра профессоры Мыңжанов М.Р., сонымен қатар кафедра меңгерушісі Оразалина А.С. үйірме мүшелеріне, ғылымға алғашқы қадам басқан студенттерге жемісті ғылыми қызмет тілей отырып, негізгі нұсқаулар берді. Жұмыс барысында кафедра оқытушылары студенттердің қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтарына жауап берді.

 ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және            медициналық генетика кафедрасының оқытушылары  Елькенова Б.З., Кожахметова Б.Б.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]