Жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. М.С. Ибраемова Жалпы медицина факультетінің студенттеріне «Алғыс айту күніне» орай, Алғыс айту күнінің маңызы мен тәрбиелік мәні, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні екенін білім алушыларға кеңінен түсіндіру мақсатында, ақпараттық-танымдық дәріс оқыды. Дәрісте Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың тарихы мен мәдени мұрасымен таныстыру, студенттердің ой-өрісін кеңейту жолындағы маңызын айта отырып, білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялату мәселесі айтылды. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерген бұл мерекенің қазақ елі үшін де өзге ұлттар үшін де маңызы зор. Бұл күн – қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Аштық пен қуғын-сүргін қасіретін көрсе де, кең пейіл халқымыз қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, олардан көмегін аямады. Осылайша Қазақстанға күштеп қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің екінші Отанына айналғандығын тарихи мәліметтер арқылы, жан-жақты түсіндіріліп өтті.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]