2024 жылғы 6 наурыз күні профессор Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кураторлық топ студенттерімен бірлесіп (Жалпы медицина 2224, 2102, 1502, 3446), Абай облысы, Семей қаласы №49 жалпы білім беретін орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Оларға біздің университет тарихы мен жетістіктері туралы бейнеролик және білім беру бағдарламалары туралы презентация көрсетілді. Студенттеріміз мектеп оқушыларына ЖОО-дағы білім беру процесінің ерекшеліктері мен студенттік өмірлері туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, университетте білім алушылардың қоғамдық, ғылыми және шығармашылықпен айналысу үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған қанағаттанарлықтай толық жауап алды. Кездесу соңында оқушыларға біздің университет жайлы және оқуға түсу ережелері туралы буклеттер таратылды.
Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]