«Балалардағы вирусты гепатит «А» оқыту семинары

«Балалардағы вирусты гепатит «А» оқыту семинары

2024 жылдың  29 ақпанында СМУ  балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының штаттан тыс бас балалар инфекционисті, м.ғ.к. (PhD)  И. М. Эфендиев басшылығымен Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қолдауымен «Балалардағы «А» вирустық гепатиті” тақырыбында Семей қаласының Денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар оффлайн форматта өтті.

Семинар басында Абай облысының ДСБ бас маманы М. Б. Дайрабаева сөз сөйледі.

Семей қ. “А” вирустық гепатитімен сырқаттанушылық бойынша Семей мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Д.Б. Тілекина баяндады. Бұдан әрі балалардағы “А” вирустық гепатитінің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі” атты презентациямен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының завучы, м. ғ. к.  А.А. Мансурова баяндама жасады. “А вирустық гепатитінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” баяндамасымен А.С. Медетова семинарды жалғастырды. «Ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу» туралы С.К. Қасымбекова баяндады

Семинар соңында ұйымдастырушылар қатысушылардан кері байланыс алды. Семинарға барлығы 30 тыңдаушы қатысты.

Мансурова А.А.,балалар жұқпалы аурулары кафедрасының завучы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар