Университетті жақсарту жобасы аясында 2024 жылдың 2 наурызында Семей қ. КеАҚ «СМУ» жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы екпелерді жүргізу кезінде коммуникативті дағдыларды қолдану тақырыбы бойынша жергілікті жерде тренинг өткізді. Екпе тақырыбы өзекті болып қала береді, өйткені халықтың екпеден негізсіз бас тартуы азаймайды. Тыңдаушылар Өскемен қаласындағы біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы және ШҚО дәрігерлік амбулаторияларының медицина қызметкерлері ұсынды. Шараға жалпы тәжірибелік дәрігерлерден бөлек, екпе мәселесімен айналысатын педиатрлар мен эпидемиологтар қатысты. Тренингтің мақсаты – қауіпсіз иммундау тәжірибесін ұйымдастыру кезінде коммуникативті дағдыларды жетілдіру. Әдеттегідей тренинг интерактивті түрде өтіп, оқытудың түрлі әдістері қолданылды. Жиналғандардың назары балаларға профилактикалық екпелерді жүргізу кезінде туындайтын мәселелерге аударылды. Тренингке қатысушылардан оң пікірлер алынды. Тренингті ұйымдастыру және өткізу бойынша Семей қ. ЖТД кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дюсупова А.А. және кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер Терехова Т.И. жүргізді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]