Мейіргер ісі мамандығы бойынша түлектерге диплом тапсыру

Мейіргер ісі мамандығы бойынша түлектерге диплом тапсыру

2024 жылдың 5 наурызында “Семей медицина университеті” КЕАҚ-да “Мейіргер ісі” (2.6 жеделдетілген бағдарлама) мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасын аяқтаған студенттерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Түлектерге диплом беру рәсімінде “СМУ” КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры, м.ғ. д., профессор, Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы құттықтады.

Біздің университет тарихында  “Мейіргер ісі” жеделдетілген бағдарламасын тәмамдаған  студенттердің осы жылы үшінші легі болып табылады. 12 мейіргер өз мамандығы  бойынша білімін жақсартуға мүмкіндік алды.

Түлектер Мейіргер ісі  кафедрасының меңгерушісі Жуманбаева Жанар Махмутовнаға, топтың эдвайзері Қисина  Рауан Мырзабекқызына және мейіргер ісі  кафедрасының ассистенттеріне алғыстарын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]