8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Көктем – табиғаттың жаңа оянған жарқын мезгілі. Көктемде жер беті жасыл желекке оранып, гүлденеді. Наурыз – көктемнің алғашқы айы – жылулық әкеледі, күн жарқырап, көктемнің алғашқы гүлдері пайда болады. Осы айда біз ең тамаша мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуіміз кездейсоқ емес!

6 наурыз күні КеАҚ «Семей медицина университетінің» №4 ғимараты  симуляция және білім беру технологиялары кафедрасында мерекелік көңіл-күй орнады. 3342 шетелдік тобының студенттері Халықаралық әйелдер күні қарсаңына арналған көктемгі көңіл-күй мен күлкі сыйлады. Студенттер ұстаздар мен қызметкерлерге мерекелік жылы лебіздерін арнап, ән мен биден шығармашылық мерекелік гүл шоқтары таратылды. Әрбір қойылым ерекше қошеметпен сүйемелденді.

Кафедра оқытушылары мен қызметкерлері студенттерге алғыстарын білдіре отырып, денсаулық, табыс пен бақыт тіледі. №4 ғимарат коменданты Ахметжанов Оралғазы Нұранбасұлы әйелдер қауымын құттықтады. Осындай тамаша көңіл күй үшін студенттерімізге алғыс айтамыз!

Ұйымдастырушы: оқытушы Ван Ольга Төлеубекқызы

Рубрикалар: Мерекелер