8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат

2024 жылдың 6 наурызында «СМУ» КЕАҚ консультативтік емханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты ұйымдастырушылар жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Шаймарданов Н.К. және ассистент Смаил Е.М., ЖТД 612 тобының интерндері және “Жалпы медицина” факультетінің 5207 кураторлық тобының студенттері. Кураторлық сағатқа «СМУ» КЕАҚ консультативтік емханасының дәрігерлері, медбикелері және санитаркалар шақырылды.
Кураторлық сағатта болашақ дәрігерлер 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні әйелдердің өз құқықтары үшін күресіне байланысты туындағанын айтты. 1908 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте әйелдер тең құқықтар талап еткен алғашқы әйелдер митингі өтті. Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 1919 жылдан бастап бұл мереке халықаралық деңгейде аталып өтіледі. Студенттер кураторлық сағатқа шақырылған қонақтарға сыйлықтар табыс етті. Мерекелік іс-шараның соңында “СМУ” КеАҚ емханасының дәрігерлері кураторлық сағатқа қатысушыларды көктем мерекесімен құттықтап, болашақ дәрігерлерге жақсы оқып, дәрігердің тәжірибелік дағдыларын меңгеріп, таңдаған дәрігер мамандығына лайықты қызмет етулеріне тілектестік білдірді.
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]