«Аналитикалық химия» пәнінен ашық зертханалық-практикалық сабақ

«Аналитикалық химия» пәнінен ашық зертханалық-практикалық сабақ

2024 жылдың 6 наурызында «Семей қаласының медициналық университеті» КЕАҚ «Оқу сапасы жөніндегі кеңесімен» бекітілген 2023-2024 оқу жылына арналған ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес «Аналитикалық химия» пәнінен зертханалық-практикалық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты кафедра оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының «Химия» мамандығы бойынша магистрі С.А. Лауенова «Комплексонометриялық титрлеу. Судың жалпы кермектігін анықтау» тақырыбына өткізді. Сабақ «Фармация» мамандығының 201 (көп тілді) тобының 2 курс студенттеріне жүргізілді.

Сабақ барысында интерактивті оқыту әдістері, презентациялар қолданылды, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар пайдаланды. Ситуациялық есептерді шешу барысында студенттер Д.И. Менделеев периодтық жүйесін, тұздың ерігіштік кестесін, титрлеу қисықтарының кестесін қолданды.Зертханалық жұмысты талдау барысында ерітіндінің массасын титрант концентрациясы бойынша есептеуге, титрлеуге жұмсалған көлем негізінде талданатын ерітіндінің нормальдігі мен титрін есептеуге кеңестік көмек көрсетілді. Сабақтың қорытынды бөлімі жеке және топтық тестілеумен аяқталды.

Ашық сабаққа магистр, профессор М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының аға оқытушысы М.М. Мәлік, м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м.а. Р.Р. Олжаева, кафедра меңгерушісі А.Т.Абленова қатысты.

м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Лауенова С.А.

Рубрикалар: Оқу процесі