Ардагер дәрігерлерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Ардагер дәрігерлерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

«Күміс университеті» жобасының жұмысына белсене атсалысып, 2024 жылдың 7 наурыз күні әйелдер мерекесін жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М. және 612 топ дәрігер-интерндері медицина ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Семей өңірінің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып, саналы ғұмырын медицина саласына арнаған дәрігерлерді көктемнің осынау мерекелік күнімен құттықтады.Қазір лайықты демалыста жүрген ардагер дәрігерлеріміз – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, дәрігер-анестезиолог Дурнобрагова Нэйля Михайловна, дәрігер-инфекционист Азимжанова Бахыт Мұхамеджановна, дәрігер-лаборант Чан-Пин Нина Андреева, дәрігер-окулист Жизневская Елена Михайловна, дәрігер-психиатр Байворовская Нина Ивановна, медбике Каменская Ирина Николаевна. Инфекционист мамандар 8 наурыз мерекесімен құттықтап, құрметті ардагер дәрігерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Және әдеттегідей, құттықтауларға қоса сыйлықтар берілді, себебі ардагерлеріміз үшін ең бастысы – көңіл бөлу!
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.

Жарияланды: