«Күміс университет» жобасы аясындағы мерекелік құттықтау

«Күміс университет» жобасы аясындағы мерекелік құттықтау

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы «Күміс университеті» жобасының жұмысына белсенді қатысады.

2024 жылдың 5 наурызында халықаралық 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Фармация» мамандығының 402 тобының студенттері куратор С.А.Лауенова жетекшілігімен  «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасының еңбек ардагері, кафедрада 30 жылдан астам қызмет еткен Н.Ж.Кусебгалиеваны құттықтады.

«Күміс университет» жобасының негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділікті арттыру, физикалық және психикалық денсаулықты нығайту.

Бұл мерекелік шараның мақсаты – университет ардагерлеріне жағымды, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Найля Жағфарқызы медицина институтымыздағы оқу жылдары мен өмірінен қызықты естеліктерімен бөлісті, ілтипат үшін алғысын білдірді. Ардагердің басты тілегі – бейбітшілікте, бірлікте, достық пен келісімде өмір сүру.

Кафедра жастарды қарт ардагерлерді ұмытпауға, оларға жиі көңіл бөліп, қамқорлық жасауға шақырады.

«Күміс университет» жобасы бойынша кафедрадан жауапты – Лауенова С.А.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір