Сізді әрқашан сол күйіңізбен қабылдайтын ең қымбат және ең жақын адам. Сізді ең шынайы махаббатпен жақсы көретін адам. Саған шын жүрегімен бақыт тілейтін адам. Онсыз өмір болмайтын адам. Бұл – МАМА. Анашым, барлығы үшін рахмет! Осы дүние үшін, балалық шақ ертегісі үшін, қиын сәттерде түсіністік пен шыдамдылық танытқаныңыз үшін, әр күннің қуанышы үшін, әрбір кеңесіңіз үшін, әрбір мүмкіндік үшін, әрбір жетістік үшін, әрбір күлкіңіз үшін рахмет! Рахмет қымбаттым! Мен сізді қатты жақсы көремін және сізге көптеген жылдар бойы тамаша өмір тілеймін! Осылайша КеАҚ СМУ «Стоматология» мамандығы бойынша оқитын 212 топ студенттері аналарына алғыстарын білдірді. Куратор сағатының тақырыбы студенттердің коммуникативті дағдыларын дамытуға, сонымен қатар жер бетіндегі ең қымбат адам – Анаға деген сүйіспеншілік пен шынайы алғыс сезімін тәрбиелеуге бағытталды.
М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы, доцент Дінжұманова Р.Т.