2024 жылдың 02 наурызында ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Уразалина Н.М.,Иноземцева О.В., Кулямирова Ж.О., Қанатбекова А.Қ. өздерінің кураторлық 2228, 2223, 2122, 2315 (медицина) және 3404( педиатрия) топ студенттерімен Мелькомбинат 3/2 мекен жайында тұратын аз қамтылған Тоқанова Айжан Сергейқызының отбасына қайырымдылық акциясын өткізді. Көпбалалы отбасының отағасы 3-топтағы мүгедектікте – жұмыс бабында екі аяғынан айрылған. Бұл отбасы туралы мәліметтермен және мекен-жайымен «Зекет және қайырымдылық» корпоративтік қорының директоры М.Қайырғалиев қамтамасыз етті. Игі шараны өткізуге қаражат жиналып, азық-түлік пен біріншілік қажетті заттар сатып алынды. Кураторлық топтардың ұстаздары мен студенттерін 4 баланың анасы Айжан Сергейқызы үлкен қуанышпен қарсы алып, КеАҚ СМУ оқытушылары мен студенттеріне олардың отбасына көрсеткен материалдық көмектері үшін шынайы алғысын білдірді. Осы сәттерде біздің әрқайсымыз бір толқу мен шексіз жанашырлық сезімін бастан өткердік. Студенттерде жеке және азаматтық жауапкершілік сезімі, өзара көмек пен мұқтаж жандарға қолдау сезімі іске асырылды. Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен болған қайырымдылық акциясы университетіміздің студенттері арасында кәсіби құзыреттілік пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Кураторлық топтардың оқытушылары мен студенттері халықтың әлеуметтік осал топтары арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге моральдық және материалдық көмек көрсетуді жалғастырады.
Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.