8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

2024 жылы 7 наурызда Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығында » бас дәрігердің емдеу ісі   жөніндегі орынбасары, КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И. М. Эфендиевтің басшылығымен халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны балалар жұқпалы аурулары кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты ассистент А.К. Құмарбекова,  ЖТД 609 топ  интерндері және  4212, 4204, 4205 ЖМ топтарының студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды. Бас дәрігердің орынбасарлары, меңгерушілер, балалар жұқпалы аурулары дәрігерлері, фтизиатр дәрігерлері, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері, аурухананың орта және кіші медициналық құрамы қатысты.

КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И. М. Эфендиев, бөлімше меңгерушілері Б. Ж. Асылбеков, Д. М. Секербаев, дәрігерлер Ж. Ф. Шалаганов, Ахат Талгатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылардың назарына 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу тарихы баяндалып, музыкалық бағдарлама ұсынылды.

Рубрикалар: Мерекелер