Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Осы мерекеге орай Семей Медицина Университетінде Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен облыстық дәрежеде концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік іс-шарамызға қадірменді көрермені ретінде Семей қ. Достық үйінен апаларымыз келді. Мерекелік концертіміздің мақсаты: Аяулы апа, аналарымызға ізгі ниет пен тілек білдіріп, барша көрермендердің көңілін көтеріп, көктемнің төл мерекесімен құттықтау болды.
Іс-шара “Кемел” ансамбльінің «Ерке сылқым» күйімен басталып, «Анаға хат», «Мереке» әндерімен жалғасын тапты. Сонымен қатар мерекелік шарамызда «Стоматология» мамандығының 1315 тобы мен «Медицина» мамандығының 1122 тобы студенттері өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңында барша әйелдер қауымына гүл шоқтары ұсынылып, үлкендеріміздің ізгі ниеттері мен батасын алып қайттық.