Дөңгелек үстел “Бүкіләлемдік семіздікпен күрес күні”

Дөңгелек үстел “Бүкіләлемдік семіздікпен күрес күні”

6 наурыз 2024 жыл ТЖА-да “Бүкіләлемдік семіздікке күрес күніне” байланысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге дәрігерлер және орта буын медицина қызметкерлері қатысты, ал ұйымдастырушылар инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Шаймарданов Н.К., ассистенті Смаил Е.М. және 612 топтың ЖТД интерндері болды.
Болашақ дәрігерлер Бүкіләлемдік семіздікпен күрес күні 2015 жылы бекітіліп жыл сайын адамдарға артық салмақпен күресіп дұрыс салмақ пен зат алмасуды реттейтін қолдаушы кампания екенін айтып өтті. “Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Жер ғаламшарының әр 8 ші тұрғынында артық салмақ деп дабыл қағуда” деп спикерлер ескертті. Және осы күні артық салмақпен күресудің қажет екенін естен шығармау керек.

Артық салмақпен күрес профилактикасы аясында тұрғындарға артық салмақтың 6 себебін естен шығармау керек, олар: күнделікті өмірде дене қозғалысының аздығы, алкогольді көп тұтыну, тәтті сусындар, фастфуд, жоғары деңгейдегі стресс, ұйқы режимінің бұзылуы, отбасылық немесе ұлттық дәстүрлер, мысалы кейбір отбасында “тағаммен мадақтау” деген бар. Дөңгелек үстел қатысушылары бір ауыздан әрбір адамның май мен қантты азырақ пайдалана отырып организмдегі калория мөлшерін азайта алатынын; жеміс-жидек және көкөністі, сондай-ақ дәнді дақылдарды көбірек пайдалануын; үнемі физикалық қозғалыста болу керектігін (балаларға күніне 60 минут, ересектерге аптасына 150 минут) мақұлдады. Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.