Рамазан айының басталуымен!

Рамазан айының басталуымен!

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мезгіл жасампаздық қуаты мол құндылықтарды нығайтуға бастайтыны анық. Адам баласына тән мейірімділік пен қайырымдылық, кешірімділік пен сабырлылық сынды ізгі қасиеттерді айрықша қастерлеуге шақырады.
Биыл көктемнің алғашқы күндерінде басталып отырған қасиетті Рамазан айында ынтымағымыз ары қарай күшейіп, бақ-береке мен ырыс-құтымыз арта берсін!

Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз