Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірбие кафедрасында бақылау сағаты

Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірбие кафедрасында бақылау сағаты

2024 жылдың 6 наурызында Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірбие кафедрасында «СМУ» КеАҚ кафедра оқытушылары мен 6 және 7 курс ЖТД бақылау топтары арасында кездесу өтті. Шара Қазақстанда көктемнің алғашқы күндерінде тойланатын Алғыс айту күні мерекесіне арналды. Бұл мерекенің тарихы туралы көп адамдар біле бермейді. Алғыс айту күні – өз тарихыңды, ел тарихын еске алудың бір себебі. Мерекенің 2016 жылы белгіленуі қазақ халқының қиын-қыстау кезеңде адамдарға көрсеткен қамқорлығы үшін көрсетілген құрмет. Бұл мереке отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, бірге өткізген уақыттары үшін бір-біріне алғыс айтудың жақсы себебі болып табылады. Бақылау сағатына ЖТД 607, 608, 714 топтарының интерндері қатысты. Кураторлық сағат Семей қаласы «СМУ» КеАҚ жалпы дәрігерлік тәжірбие кафедрасының меңгерушісі Дюсупова А.А., кафедра оқытушылары: Терехова Т.И., Беляева Т.М., Джармухаметова А.С., жетекшілігімен ұйымдастырылып, өткізілді.